TOO BTS Digital
Aitu - “Көлсай көлдері” МҰТП
🌲 Бір отбасы – ортақ еңбек, ортақ мақсат!
Аңламасовтар әулеті – орман шаруашылығы саласына өмірін арнаған еңбекқор жанұя.
Табиғатты қорғау ісіне адалдық пен жауапкершілік танытып, орманды сақтауға үлес қосып келе жатқан бұл отбасының еңбегі – өскелең ұрпаққа үлгі.
Аңламасов Азамат Айтақынұлы
1969 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.
1989-1992 жылдары Бурабай ауыл шаруашылық техникумында “Орман шаруашылығы” мамандығы бойынша білім алды.
1992-2007 жылдары Кеген орман шаруашылығында орманшы,
2007 жылдан “Көлсай көлдері” МҰТП РММ-де орман шебері,
2017-2018 жылдары Қарабұлақ орманшылығында орманшы,
2018-2024 жылдары Қарабұлақ орманшылығында орман шебері қызметтерін атқарды.
Қазіргі уақытта табиғи кешендерді қорғау және қалпына келтіру бөлімінің инженері болып қызмет етеді.
2023 жылы “Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі” комитеті кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Аңламасова Рысты Бегайдарқызы
1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Тайыншы ауданы, Амандық ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Бурабай ауыл шаруашылық техникумын “Технолог” мамандығы бойынша,
2022-2023 жылдары Көлсай кәсіптік-техникалық колледжін “Орман шаруашылығы” мамандығы бойынша тәмамдады.
2024 жылдан бастап “Көлсай көлдері” МҰТП-нің Орман өрт сөндіру станциясында радио байланысшы қызметін атқарып келеді.
💚 Табиғатты қорғауға деген сүйіспеншілік пен отбасылық дәстүр – орманшылар әулетінің басты құндылығы.
#КөлсайКөлдері #ОрманшыӘулет #ТабиғаттыҚорғау #ОрманШаруашылығы #КөлсайҰлттықПаркі